Smarttop.kz

Көзге көрінген сияқты болған еді…

2022 жылдың 4 сәуірінде Шымкент қаласының қоғамдық тәртібін сақтау барысында Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері «Шымкент Plaza» сауда орталығының алдында күдікті азаматты кездестіреді. Әскери жасақты көріп қобалжыған азаматтың әрекеті күмән тудырды. Тексеріс кезінде оның қалтасынан сіріңке қорапшасынан салынған сұр-жасыл түсті, иісі жағымсыз өсімдік тектес зат табылады.

— Қызмет атқару бағыттарын тексеріп жүрген едік, кенет бір бөгде азамат көзге түсті. Ол бізді көргенде бірден бой тасалап, қалтасына бір затты салғандай болды. Сондықтан оны тексеруді жөн көрдік, — дейді әскери топ бастығы кіші сержант Абылай Тілеубергенов.

Аталмыш әрекет бойынша тәртіп бұзушы Әл-Фараби ауданының полициялық бөліміне тапсырылып, сараптама жасалды. Сараптама нәтижесі тәркіленген заттың есірткі екенін анықтады. Ұсталған азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2 тармағына сай «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды.

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ МОЛ ЖИНАЛУДА: 8 АЙДА 66 МЫҢ ТОННА ӨНІМ АЛЫНДЫ

smarttop

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАЗВИТИЕМ СЕЛЬХОЗПЕРЕРАБОТКИ, ПИЩЕВОЙ И ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

Пікір қалдыру