Smarttop.kz

ТАССАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласы Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр. Бүгін басқарма басшысы Б.Булатбеков Тассай елді мекеніне барып, құрылыс барысында анықталған мәселелерді реттеу мақсатында жиын өткізді.
Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды.
Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тассай елді мекені сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, кәріз жүйесімен қамту құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 115,2 шақырымды құраса, бүгінде оның 66,3 шақырымы орнатылып, құрылыстың 62 пайызы аяқталды. Пайдалануға беру мерзімі келер жылға өтпеді.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ, КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ МЕГАПОЛИС ЖОЛДАРЫН ҚАУІПСІЗ ЕТУДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Полицейлер қос азаматтық алып жүрген ер адамды анықтады

smarttop

Пікір қалдыру