Smarttop.kz

Полицейлер жасөспірімдерге суға шомылудағы қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жаз маусымында адамдардың судағы қауіпсіздік ережелерін, сақтамауының соңы орны толмас қайғы мен өкінішке әкеліп жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін полиция қызметкерлері арнайы жұмыстар атқарады. Мәселен, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жасөспірімдерге арнайы судағы қауіпсіздік шаралары жайлы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға ата-аналарының қарауынсыз, рұқсат берілмеген аумақтарға бармау, суға ұзақ шомылмау, қоршау белгілерінен алыстамау, суда жүзе алмайтындар үшін арнайы балондарсыз бармау айтылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері балалар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді. Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға сумен байланысты қайғылы жағдайларды болдырмау үшін, қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады.

Ұқсас ақпараттар

СЕССИЯДА 2024 – 2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА БЮДЖЕТІН НАҚТЫЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ КӨШ БАСТАП ТҰРҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНДА

smarttop

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСКЕН МИНИСТР СУ ЖАЙЫН ЕГЖЕЙ-ТЕГЖЕЙЛІ ТАЛҚЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру