Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА «БИ БАТЛ» ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

Қаламыздың көрікті, мәдени орындарының бірі «Қызғалдақ» субұрқағы маңында «Би батл» би сайысы өтіп жатыр.

Іс-шара Қала күніне орай арнайы мектеп оқушылары арасында бидің заманауи түрлері хип-хоп пен брейк данс бойынша ұйымдастырылды.

Фестивальде сөз алған қалалық білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева сайысқа түскен өнерлі балаларға жеңіс тілеп, жиналған көпшілікті келе жатқан Қала күнімен құттықтады.

Жарысқа би өнерінің майталмандары қазылық етуде. Сайыс соңында жеңіске жеткен топтар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Ұқсас ақпараттар

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТАРИХИ ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ

smarttop

ӘЛЕМ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

smarttop

«ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ» МЕКТЕБІ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру