16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНІҢ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады. Көшелердің жоспар бойынша тең жартысы бітіп, пайдалануға берілген.

Соның бірі — Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы — 2,7 шақырым, ал ені — 5 метр.  Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.

Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

Жоспарланған күн тәртібі бойынша Қаратау ауданы Қызыл су тұрғын алабының Гулистан  көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов аумақтағы атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысып, Гулистан көшесіне де ат басын бұрып тексеріп шықты.

Гулистан көшесінің  2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1  шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған. Алдағы уақытта көшелердің жөндеу жұмыстары сапалы, әрі тезірек бітуін қадағалайтын боламыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

@murat__aitenov @shynggys_muqan @gabit_maulenkulov @transport.shym

Ұқсас ақпараттар

СЕНАТ «ҚАЗТРАНСГАЗ» МЕКЕМЕСІНЕ «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУГЕ КҮШ САЛУДЫ АЙТТЫ

smarttop

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

smarttop

БИЗНЕС ФОРУМДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру