16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІҢ 11 КОМПАНИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ИННОПРОМ-2022» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

Екатеринбург қаласында XII «ИННОПРОМ-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды. Индустрияландыру саласының басты өнеркәсіптік көрмесі шілде айының 4-7 аралығында өтеді.
Қазақстандық экспозиция алаңына химия және фармацевтика өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен жеңіл өнеркәсіп салаларынан 200-ден астам компания орналасты. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізден барған компаниялардың ішінде Шымкент қаласынан «Бал Текстиль» ЖШС, «ЭКОФАРМ Интернэшнл» «Mega SMART» ЖШС, «Стандарт цемент» ЖШС, «ЕвроКристалл» ЖШС, «Marai E7 Group» ЖШС, «QazAlPack» ЖШС, «LUX SHOES», «AGF Group» ЖШС, «Р.A.M.-1» ЖШС, «Заря» ЖК сынды 11 компания қатысып, өз өнімдерін ұсынып отыр.
Көрмеге әлемнің 30-ға жуық елінен делегаттар қатысуда. Аталған көрменің басты серіктесі ретінде Қазақстан Республикасы таңдалған.

Қазақстандық экспозиция алаңына 1600 шаршы метрді құрайтын химия және фармацевтика өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларын байланыстыратын  индустрия болып табылады. Дәстүрлі жиынға айналған «Иннопром» алаңы өнеркәсіп салаларын дамыту, түйткілді мәселелерді шешу және тараптардың пікірлерін білуге мүмкіндік беретін тиімді алаң екендігін атап өтті.
Шара барысында жаңа бірлескен іс-қимыл бағдарламасына қол қойылды. Ендігі кезекте жоба бойынша  өнеркәсіптің 7 саласы бойынша 23 жобаны жүзеге асыру жоспарланған еді. «ИННОПРОМ-2022» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында  Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев та қатысты. Отырыс барысында өнеркәсіп салаларының негізгі мәселелері мен дамуы, ЕАЭО төңірегінде өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру тетіктері, өнеркәсіп салаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсету мәселелері талқыға салынды.

Ұқсас ақпараттар

«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ

smarttop

ҚҰРСАЙДА СУ ҚҰБЫРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ҚҰРМЕТТІ БИЫЛҒЫ ТАЛАПКЕРЛЕР! ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР!

smarttop

Пікір қалдыру