16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕЛОРДА КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Ширек ғасырға жуық тойланып келе жатқан Елорда күнін шымкенттіктер «Арбат» демалыс аймағында салтанатты түрде атап өтті.
Мерекелік іс-шара Шымкент қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қаратау» қазақ халық аспаптар ансамблінің концерттік бағдарламасымен ашылды. Түркештің «Көңіл ашар», Құрманғазының «Балбырауын», Желдібайдың «Ерке сылқым» күйлері ұлттық аспаптардың күмбірлеген қоңыр үнімен шымкенттіктерді қазақтың дархан даласына жетелей түсті. Шара барысында,күмбірлеген күйлер төгіліп,ән-жырлар әуеленді! Тек думанды шаралар ғана емес,халықтың ой өрісін артыратын интелектуалдық ойындар да ұйымдастырылды. Елорда-көк туымыздың астына 130-дан аса ұлт пен ұлыстың басын біріктірген,бір мақсат пен мүддеге жетелеген отанымыздың-жүрегі! Шымкенттіктердің бұл мерекені ұлан асыр етіп тойлануына біраз адамдар еңбек сіңірді. Концерттімізде экстрада жұлдыздары және ойындар ойнатып қызмет етті.
— Өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойласақ, одан кейінгі айтулы мереке — елорданың Сарыарқа төріне көшірілуі. Бүгінде астанамыз Қазақстанның ең жас қаласы ретінде әлемге танылып үлгерді. Мерекеге орай Шымкент мәдениет үйінің майталмандары дәстүрлі ән шырқап, ұлттық би, күйімізді әуелетіп, Сіздерге ерекше көңіл-күй сыйлайды, — деді Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Сайлаубек Лесбаев.
Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары «Үкілі қыз», «Бүлдірген», «Ақтамақ», «Ақ бұлақ» әндерін шырқап, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты «Қазына» би ансамблі «Алмалы бақ», «Достық» билеріне мың бұралып биледі.
Кеш барысында қала қонақтары мен тұрғындары арасында викториналық сұрақтар қойылып, ойын ойнатылды. Әр жеңімпаз арнайы сыйлық алып, кеш эстрада әншілеріне концертіне ұласты. Концерт шымкенттік жас композитор Берік Сексенбекұлының «Астана» әнімен қорытындыланды.

 

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШАҺАР БАСШЫСЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ 51 015 АЗАМАТ ТІРКЕЛГЕН

smarttop

ТRT-нің Бас директоры доктор,  профессор Мехмет Захид Собажы  әлемдегі ең ірі хабар тарату  одағының президенті атанды

smarttop

Пікір қалдыру