Қала тұрғындарының назарына! Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы банк» АҚ қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі» атты іс-шара өткізіледі.
Жәрмеңке осы жылдың 08 шілде күні сағат 18.00-23.00 аралығында Шымкент қаласындағы «Арбат» демалыс аумағында өтеді. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқандарда болды. Қала тұрғындары бір жерден құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай алады, тіпті 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікке ие бола алады. Егер келуші тұрғын үйді таңдаса және бірден банк кеңесшілерінен кредитке алдын ала мақұлдау алса, онда жеңілдік алуға болады. Ол 15 минут ішінде жасалады. Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк арқылы 2 мың азаматқа ипотекалық кредит мақұлданған. Бұл күн сайын 10-15 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Аталған шарада келушілерге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген несиелік баспанаға қол жеткізудің бағыттары мен шарттары кеңінен түсінідірілмек. Тұрғын үй саласында бұған дейін болған барлық механизмдер «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілді. Тұрғын үй жинақ пен ипотекадан бөлек, жеке тұрғын үйді салу жүйесі де бар. Бағдарламаның негізгі мақсаты — осы саланы нарыққа барынша бейімдеу. Мемлекет оған көп араласпауы тиіс. Себебі халықтың өз жинақтары бар, табысы да жоқ емес. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін арнайы баспаналар салынады. Бірақ оны жеке өз атыңа аударуға рұқсат жоқ. Тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы жеке баспананы алуға болады. Оған табысы мен жинақтары бар азаматтар қатысады. Мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер сияқты бюджет саласының мамандары, әскери азаматтар және тағы басқа тұрақты жалақысы бар адамдар дәл сол кредиттік баспананы алса да болады.Сонымен қатар жәрмеңкеде еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істеп жатқан ірі құрылыс компаниялары тұрғын үй сатып алуда азаматтарға бірқатар жеңілдіктер ұсынатын болады.
Баспаналы болудың мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!