Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан.
Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Диваев көшесі, төменгі Отырар шағын ауданы 9, 11 үйлердің сығымдау, Бейбітшілік көшесінде ескірген құбырларды жаңасына алмастыры жұмыстары тексерілді. Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр.Құбырлары жаңарту барысында көшелердің бірнеше уақытқа жабылатын ескерте отырып, көлік қозғалысы бойынша сұрақтар туындамасы үшін үлкен көшелерді жабу туралы ескертпе жұмыстары жүргізілді. Автобустар және аялдама орындарын өзгертуі бойынша да халықтың сәл шыдамдылық танытуын сұраймыз. Көпқабатты үйлер тұрғындары жылыту жүйелік блоктарын жаңартуы бойынша келісімшартқа тұру керектігі жөнінде ескертілді. Көше бойынша қазба жұмыстары үшін схемалық жүйе берілді .Сол бойынша қондырғылар және техникалармен жабдықталады.
Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 613-і орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Бүгінде оның 35 пайызы жылыту маусымына дайын.Мамандардың арқылы тексерістен өтетін құбырлар жылыту қондырғыларының сапасымен техникалық жағдайына сипаттама беріп өтті. Алда бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.
Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын алдын ала жүргізіп, тиісті мекемемен келісімшартқа тұру маңызды екенін ескертеміз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі