22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ СҰҚБАТ

Жастардың бүгінгі мәселесінің оң шешімі жарқын болашақтың кепілі екендігі белгілі.
Заман талабына сай өзгеріп отыратын бұл мәселелер ауқымды талдау мен жүйелі шешім жолдарын қажет етеді. Ал, мәселенің мәнін дұрыс анықтау, жастармен жүйелі кездесулер мен диалогтар арқылы мүмкін екені анық.

Осы мақсатта Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Еңбекші ауданыны жастарымен кездесті. Бұл кездесу әкімдік жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің ұйымдастыруымен ашық алаңда еркін форматта өтті. Кездесу барысында Еңбекші ауданында жастар саясатын жүзеге асыру жайы баяндалды.

Басты мақсат – жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, дұрыс бағдар беру. Осы орайда Шымкент қаласындағы Көрме орталығында «Мәңгілік елдің жастары» атты кеш ұйымдастырылды. Әр салада еңбегімен халыққа танылған азаматтар жастармен кездесті.

 Кездесудің басты мақсаты – өз арамыздан шыққан үздіктерді жас толқынға үлгі ету. Білім мен еңбекті ұштастырудың нәтижесінде жетістіктерге жеткен азаматтардың істерімен таныстыру. Жан-жақты білімді, әрі белсенді жастар шаһарда және аймақта болып жатқан әр маңызды шараның бел ортасында жүреді Кешті ұйымдастырушы орталықтың мамандары да «Оқушылар мен студенттер алдыңғы толқынға қарап бой түзесе екен»,- дейді.

Қала әкімі жастар арасындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар өз белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлерін білдірді.

М.Әйтенов мегаполистің дамуында жастардың үлесі, жауапкершілігі мен белсенділігінің аса маңыздылығын алға тартты. Олардың болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, талантты жастарға жағдай жасап, барлық оң бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Кездесу соңы естелік суретке түсуге ұласты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАСС-МЕДИАНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

smarttop

ЖАСТАР АТА ЗАҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ ПІКІРЛЕСТІ

smarttop

ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру