Қала әкімі М.Әйтенов Базарқақпа тұрғын алабына барып, жөндеуден өткен жолдардың сапасын тексерді.
Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабының көшелері толығымен орташа жөндеуден өтті. Атап айтқанда: Шахайдаров, Тельман, Жастар, Ақшенгел, Нарынкөл, Қорғамқұм, Ақыртасі, Таңыртау, Абдалиев және Жалпақтал көшелері. Аталмыш көшелердің орташа жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, өндірістік кестеге сәйкес, маусым айының соңында толығымен аяқталды.
Тұрғын алаптағы осы жылы жөнделген көшелердің жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді.
2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 77 нысан болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Жоспарланған жолдар бойынша жөнделген көшелердің барлығые толығымен бітуін қарастырады.
Сонымен қатар, Шығыс аймалма жолы құрылысы қарқын алғаны бойынша тоқталып өтсек.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданындағы Шығыс айналма жолының құрылысын тексерді.
Бүгінде айналма жолдың құрылыс жұмыстары қарқынды. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. 1-кезеңі №1 автожолынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Айналма жолдың ұзындығы — 3,9 шақырым, 4 жолақты және ені — 60 метр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 28% орындалды. Айналма жолдардың құрылыс алаңына қала әкімі келіп тексеріп өтті.
Шаһар басшысы жұмыстардың межеленген мерзімде және жоғары сапада орындалуын тапсырды.
Айта кетейік, үшінші мегаполисте биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі