16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЙТЕНОВ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «аманат» партиясы «жастар рухы» жастар қанатының vi съезіне қатысқан шымкенттік делегаттармен кездесті.

Кездесуде жастар съез барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар туралы баяндады. Еліміздің әр тарапынан келген белсенді жастармен тәжірибе алмасып келуге мүмкіндік берген партияға алғыстарын білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Қала әкімі қоғамның қозғаушы күші – жастар болғандықтан, жастарға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

— Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі үміті, сенімді тірегі екенін нақты көрсетті. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткендей жастар үшін маңызды білім, еңбекқорлық және отаншылдық бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқаруымыз қажет. Сіздерге артылар үміт пен жауапкершілік орасан. Бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселе болып табылатын жұмыспен қамту, отбасы құндылығы сынды бағытта жұмыс жасаудамыз. Ай сайынғы жастармен кездесу жалғаса береді. Әрдайым жалынды ойларыңыз бен идеяларыңызды қолдауға дайынбыз, — деп сөзін қорытындылады.

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді тобы» мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттандыру жұмыстары Қаратау ауданына қарасты орналасқан «Сайрам» базары айналасында өтті.

Түсіндірме жұмыстары барысында:
— Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары;
— «Жастар практикасы»;
— «Алғашқы бос жұмыс орны»;
— «Жастар ресурстық орталығының» жұмысы мен бөлімшелері, психологиялық кеңес туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттандыру парақшалары таратылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер үш бірдей алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні анықтады

smarttop

Түркістан облысының полицейлері үй құжатын заңдастырып беремін деп алаяқтық жасаған ер азаматты ұстады

smarttop

ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру