24.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер соттылығына қарамай қайта қылмысқа барған 2 ер адамды қамауға алды

Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғын азамат 102 нөмірі арқылы хабарласып, түнгі уақытта белгісіз біреулер дүкеніне ұрлыққа түскенін көрсеткен. Ұрылар дүкеннен 200 мың теңге ақшамен 30 дана темекіні жымқырған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 250 мың теңгені құрайды.

Содан полицейлер ұрлыққа қатысы барларды іздестіру жұмыстарын бастады. Жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, көрген білгендерден сұрады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті 2 азаматты бейнекамераның көмегімен Шымкент қаласынан ұстады.

Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі — Шымкент қаласының тұрғыны болса, бірі жергілікті тұрғын екені анықталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері күдіктілердің бұдан басқа да 5 ұрлық жайтына қатысы барын анықтады. Бүгінгі таңда жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі анықталуда. 2 күдікті де бұрын сотты болып, ҚР ҚК-нің 188-бабымен жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

ДОСТЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА БИЫЛ 2 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛЫП ЖАТЫР?

smarttop

ТҮРКІСТАНДА ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖИНАҚТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ

smarttop

Пікір қалдыру