16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 34 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Сапалы білім беру мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектеп салу жоспарланған. Жоспарлы жұмыстардың орындалу барысын, жаңадан бой көтеріп жатқан білім мекемелерінің құрылысын қадағалау, жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау мақсатында бүгін қала әкімі М.Әйтенов бірқатар жекеменшік мектептерді аралады.Шымкентте үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Биылғы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен. Мектеп білім ордасы болғандықтан оқушылардың жағдайын жасау мақсатта осындай шарттылықты орындалуын талап етілуде.Мектептің жекеменшік болуы үлесі артып келеді. Құрылыс жүріп жатқан мектептердің сапасын Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  тексеріп өтті. Қала деңгейінде құрылыс жасалынып жатқанын Шымкент қаласының әкімі өзі көз жеткізді.

Осы жылы балалар игілігіне берілетін мектептердің бірі – Қайтпас-1 шағын ауданында орналасқан 228 орындық Әлихан Бөкейхан атындағы бастауыш мектеп. 2 қабатты ғимаратта 12 оқу бөлмесі, оқушылар асханасы, мед кабинет, спортзал қарастырылған. Осы жылы пайдалануға беріледі.

Жалпы, Шымкентте өткен жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.

Биыл жалпы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 24 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейтін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

smarttop

ШЫМКЕНТ: Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

smarttop

ЕҢБЕКТІ ЖАС МАМАН

smarttop

Пікір қалдыру