16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Шымкентте қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Алаштың арда ұлы – А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Салт-дәстүрдің саңылағы һәм ұлт ұстазы» атты жас ақындар айтысы өтті.Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы . Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алды. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кірісті. Ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген. Сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын талдап беру мақсатында «Тіл құралды» жазған.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, білім алуға және бұқараны ағартуына шақырған. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Жыр додасына Шымкент қаласы мен Түркістан облысы және Нұр-Сұлтан қаласынан келген 10 айтыскер ақын қатысты.
Ақындардың өнеріне ҚР Мәдениет қайраткері Бекарыс Шойбеков, ақын, «Парасат» орденінің иегері Ханбибі Есенқарақызы және филология ғылымдарының кандидаты Мамыт Амангелді Алтыбайұлы қазылық етті.
Айтыста сахнаға көтерілген 5 жұп ұлы ұстаздың ұлт руханиятындағы орнын жырларына арқау етіп, шешен тілдің шеберлігін көрсетті.
Нәтижесінде І орынды шымкенттік бала ақын Аллажар Сапархан қанжығасына байласа, ІІ орынды Сарыағаш ауданынан келген Елсияр Құлахмет еншіледі. Жүлделі ІІІ орынды Отырар ауданының ақыны Баянбай Ахметрасул иеленді. А.Байтұрсынов атындағы арнайы жүлде Нұр-Сұлтаннан келген Аян Ниязбектің қанжығасына байланды. Айтысқа қатысқан барлық жас ақынға арнайы сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

smarttop

Мәдениет тынысы: атаулы даталар кең көлемде атап өтіледі

smarttop

ТЕАТР САХНАЛАРЫНДА — ЖАҢА МАУСЫМ

smarttop

Пікір қалдыру