15.3 C
Шымкент
Вторник, 10 сентября, 2024
Smarttop.kz

БЕС ЖАСАР БАЛАНЫҢ ҮЗІЛГЕН ТАМЫРЫ ЖАЛҒАНДЫ

Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтері 5 жастағы балаға тың әдіспен күрделі ота жасалды.

Денсаулық – адам организмінің қалыпты жағдайы. Науқас бала ауыр жағдайда жедел жәрдем қызметімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Баланың оң тізе астынан қан кету, сондай-ақ, төмен бөлігінің көгеруі, мұздауы сынды белгілермен жансақтау бөліміне жатқызылған. Бес жасар баланың денсаулығына жауапты дәрігерлер мықты маман иелері екендігін дәлелдеді. Осы орайда қиын және шұғыл  отаны үгей-шүгейіне дейін дайындаған.

Тексеру барысында мамандар оның оң тізе асты артериясы мен тамырының толықтай кесілгенін анықтады. Егерде балаға шұғыл түрде ота жасалмаса, аяғындағы жарақаты асқынып мүгедек болып қалу қаупі басым екенін түсінген дәрігерлер ота жасауға кіріседі.

Хирургтар науқас баланың тамырларының диаметрінің кішкентай болуына байланысты, микроскопиялық LEICA ONX аппаратының көмегін пайдаланды. Нәтижесінде, мамандар үзілген тізе асты артериясын ұшпа-ұш жалғап тігіп берді.

“Отадан кейін аяқтың төменгі бөлігіне қан барып, жылып, тобық аймағында пульс пайда болды. Баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, үйге шығуға дайындалып жатыр. Тамырдың жарақатына дер кезінде жоғарғы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеген жағдайда, көбіне дистальды бөлігі өкінішті жағдай ампутациямен аяқталуы мүмкін. Кәзіргі ата-аналардың балаға қарау, көңіл бөлуі  жағдайын жасауына дайындау шараларды өткізу керек. Бала денсаулығы ол кәзіргі заманда ойнайтындай жағдайда тұрғанда жоқ.  Бүкіл аурулар және вирустардың барлығы кішкентай балалардың имунитетіне қарай жұғады, сол себептен балаға қарау денсаулығына мұқият болуға шақырамыз. Ата-аналарға балаларына көңіл бөліп, қауіпсіздік шараларын сақтап жүруге шақырамыз”-дейді бөлім меңгерушісі Олжас Шынтасов.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ТҰРҒЫН ҮЙДІ 3 МЛН. ДЕЙІНГІ ЖЕҢІЛДІКПЕН АЛУҒА БОЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ: ӘР АУДАННЫҢ ДАМУ НҮКТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

smarttop

САЛАЛАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру