22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕП АЛДЫ ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

Шымкенттік дәрігерлер оқушыларды мектеп алды тегін профилактикалық тексеруге шақырады. 2 қыркүйек күні “Асар” шағын ауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтеді. Бұл күні бейінді дәрігерлер сағат 09:00-14:00 аралығында қабылдайды. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін және олардың имунитетін қадағалаудағы басты рөл. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары.  Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіреді. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.Ең басты осы көпшілікті мекемеде қадағалауды талап етеді.  Мектептегі балалардың  денсаулығына жауапты педиатрлардың осы ашық есік күнінде қабылдайды.  Дәрігерлердің қабылдауында қажетті нұсқауларды ала алады. Осы ашық есік күніне бірнеше дәрігерлерден кеңес алуға болады. Олар:
оториноларинголог, стоматолог, онкогематолог, педиатр, уролог, нефролог, кардиолог, травматолог дәрігерлерінен кеңес алуға болады. Мектеп оқушыларын медициналық тексерістен өткізу –  жылдағы жоспарлы шара. Қалалық емхана мамандары әр мектепке келіп, балалармен кездесуді үшінші тоқсаннан бастаған. Бала денсаулығын бақылауда ұстап, тексеріп отыру жас ағзадағы өзгерісті, ауруды алдын ала анықтауда аса маңызды.
Қабылдауға келу үшін арнайы жолдаманың қажеті жоқ. Аурухананың «Б» корпусындағы сәулелі диагностикалық орталығында қабылдау жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЕҢБЕКАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛДІ

smarttop

СЕНАТОР Н.Қ.БЕКНАЗАРОВ Ә.ҚУАТБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЫҢ ЖАНКҮЙЕР ЕЛІМІЗДІҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру