16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«БОЗАРЫҚ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарды дамыту бағытында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылуда. Жалпы 1500 жұмыс орнындық 23 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске аспақ.

Индустриялық аймақ — бұл толық дайындалған, нақты жазылған заңды құқықтары, қажетті инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар жер учаскелері. Олардың артықшылығы — ұсынылған алаңдарда кез-келген өндірісті орналастыруға болады: фармацевтикалық кәсіпорындардан бастап автомобиль зауыттарына дейін, ал инвестор ешқандай жасырын немесе қосымша шығындарды көтермейді.Индустриялық аймақты құру мақсаты: жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету және машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары мен конструкцияларын, ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру сияқты өнеркәсіптің басым салаларын дамыту.Инженерлік инфрақұрылымға электр, газ, сумен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет кіреді.

Индустриялық аймақ аумағында резиденттерге қолайлы жағдай жасау үшін әкімшілік орталық жұмыс істейді, оған кеңсе бөлігі, конференц-зал, қонақ үй нөмірлері, сондай-ақ асхана кешені кіреді.

Бүгінгі таңда аумағы 133 гектарды құрайтын аймақта инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүруде. Қала әкімі аталмыш аймаққа арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.

Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққы жүргізу жұмыстарының 12 шақырымында аяқталған. Осы жылдың маусым айында ауыз су жүйесін тарту жұмысы басталған.19,3 шақырымды құрайтын электр желілері тартылуда.

Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Қазығұрт ауданының тұрғындары полицейлерге алғыс айтты

smarttop

Пікір қалдыру