16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ МЕГАПОЛИС ЖОЛДАРЫН ҚАУІПСІЗ ЕТУДЕ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҰСЫНУДЫ ТАПСЫРДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі М. Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Бүгінде қала аумағында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ретсіз орналасқан базарлардың айналасында автотұрақ, аяқжол, жол белгілері және жол таңбалары, темір жол қоршаулары орнатылып ретке келтірілді. Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол кептелістері жиі орын алатын уақыттар мен орындар күнделікті зерделенуде. Бүгінде 100 көшенің қиылысына 877, 200 көшенің бойына жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 800 бейне бақылау қондырғылары орнатылған. Бақылау жүйелері жол бойындағы қауіпсіздікті күшейтіп, апатты азайтуға септігін тигізуде.
Сонымен қатар қауіпсіздікті қамту үшін көшелерде 2235 жол белгісі орнатылып, 302 жол белгісі қайта қалпына келтірілді. 48 көшеге пластикалық жол таңбасы және 24 көшеге бояудан жол таңбасы сызылды. Мектептер маңында 146 орында жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары атқарылуда.

🔷 Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында Абай, Тұран, Әл-Фараби, Еңбекші ауданы, Қаратау аудандарында шұңқыр жолдар жамалды. №45 мектеп маңына және көше қиылыстарында бағдаршам орнатылды. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес Шығыс айналма жолына 2 бағдаршам және А-2 айналма жолына 3 бағдаршам орнатылады.

🔷  М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға халық көп шоғырланатын аумақтардағы жол қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ «Колос» базары аумағындағы қолайсыздықтарды жойып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар дайындау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ сала мамандарына қала аумағында жолдардың қауіпсіздігіне талдау жасап, әрқайсысының ерекшелігін ескере отырып, жеке жобалар ұсыну бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде мегаполис жолдарын жүргізушілерге де жаяу жүргіншілерге қауіпсіз ету көзделуде.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АГРОБИЗНЕСТЕ КЛАСТЕРЛІ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

smarttop

10 ЖЫЛДА 400-ГЕ ЖУЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

ТОЛАССЫЗ ЖАҢБЫРДАН СУ ЖИНАЛҒАН ОРЫНДАР ДЕР КЕЗІНДЕ ТАЗАЛАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру