5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

АЗАТ ШАҒЫН АУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қаратау ауданына қарасты Азат шағын ауданы тұрғындарының газ мәселесі шешімін тапты.
Қала әкімі М.Әйтеновпен бірге халық қалаулылары, “ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы директоры С.Исмайлов және халық қалаулылары, “Қоғамдық кеңес” төрағасы Б.Әлтеев пен жергілікті тұрғындар, сондай-ақ, БАҚ өкілдері бүгінгі қуаныштың куәсі болды.
Мұнда 8,9 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыс толық аяқталды. Нәтижесінде 519 абонент көгілдір отынмен қамтылмақ. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент филиалы тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілуде. Қолдану кезінде толықтай жанып кететін бірегей қазба жағармай болып табылатын табиғи газ қорларын игеру арқылы біз энергия тасымалдаушыларға деген өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыруға және атмосфераға СО2 шығарындыларын азайтуға өз үлесімізді қосудамыз. Газ энергиямен қамтамасыз етіп, үйлерімізді, кәсіпорындарды және бүтін өнеркәсіп салаларын жылытады. Табиғи газ кез-келген көмірсутегілермен салыстырғанда экологиялық жағынан әлдеқайда таза. Табиғи газды көмірмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру кезінде СО2 көлемдерінің жартысы және атмосфераны ластайтын басқа заттардың оннан бір бөлігі ғана пайда болады. Әлемдегі табиғи газдың қорлары мол. Егер оны тұтыну көлемі қазіргі деңгейде сақталса, табиғи газдың қазба қорлары 230 жылға жетер еді. Табиғи газ өзге табиғи жанармайларға қарағанда бірқатар айқын артықшылықтарға ие. Газбен жұмыс істейтін электр станциясын көмірмен істейтін станцияға қарағанда іске қосу мен тоқтату әлдеқайда тезірек. Бұл ерекшеліктің себебінен табиғи газ тек қана күндіз және жел соғып тұрған кезде қол жетімді жаңартылатын энергия көздеріне тамаша қосымша болып табылады.
Биыл қала бойынша 15 нысанда газбен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2 кезек, Сәуле елдімекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылмақ.
Қала басшысы күн суытпай абоненттеу жұмысын аяқтауды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлері тұрғынның үйінен автокөлік бөлшектерін жымқырған ер адамды анықтады

smarttop

Түркістан облысының полицейлері діни қызметке қатысты заңды бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды жауапқа тартты

smarttop

200-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру