5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту толығымен аяқталып, тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жұмысы басталды.
Қала әкімі аумаққа арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері де болды. Энергия мен қуаттың арасындағы байланыс болып табылады энергияны тұтыну жылдамдығы. Яғни энергия уақыт бірлігінде жұмсалатын джоульмен қалай өлшенеді. Секундына жұмсалған әрбір джоуль бір ватт (ватт) құрайды, сондықтан бұл қуаттың өлшем бірлігі. Ватт өте кішкентай қондырғы болғандықтан, әдетте киловатт (кВт) қолданылады. Электр қуаты, тұрмыстық техника және басқалары үшін төлемді көргенде, олар кВт-қа келеді.
Құрылыс барысында 4 773 электр бағанасы мен 70 трансформатор орнатылып, 145 шақырым электр желілері тартылды.
Бұған дейін Солтүстік саяжай елдімекені тұрғындары жекеменшік желіден сапасыз электр қуатын тұтынып келген болатын. Ең бастысы, осыған дейін тұрғындарымыз 1кВ электр қуаты үшін 30-35 ₸ төлеп келген болса, қазір ол баға арзандап, 17,96 ₸ түсті.
Енді тұрғындар қажетті құжаттарды «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мекемесіне өткізу арқылы мемлекеттік желіден электр тұтына алады.
Жалпы жұмыс нәтижесінде, Солтүстік саяжайдағы 5 784 абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ.
Айта кетейік, биыл сапалы электрмен қамту мақсатында 6 елдімекенде құрылыс жұмысы қарқынды жүруде.
Жыл қорытындысымен, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап елдімекендерінде құрылыс жұмысы аяқталып, 22 мыңға жуық халық сапалы электрмен қамтылуға мүмкіндік алады.
Биылғы қамтылу көрсеткіші 98 пайызға болса, 2023 жылы мегаполистегі барлық елдімекендер 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ИДЕОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «RUH CAMP» СЕМИНАРЫНДА БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРЫП ЖАТЫР

smarttop

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОРТАЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

smarttop

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты

smarttop

Пікір қалдыру