Жазғы маусым басталғалы қалада 35 субұрғақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр. Субұрқақтар қаланың сәнін келтіріп көркін ашады, сонымен қатар ауа-райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады.
Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылды . Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары. Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді.
Алғашқы он күндікте су бұрқақтардың кестеге сай жұмыс істеуі қадағаланбақ. Одан әрі кейбір нысандарға ағымдағы әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта ерекше күтім қажет су бұрқақтар зерделеніп жатыр. Сондай-ақ, күннің ысуына байланысты бүлдіршіндер онда суына шомылып жатады. Алайда, ол өте қауіпті. Себебі, қаладағы су бұрқақтардың су сорғысы, жарығы барлығы электр энергиясымен жұмыс істейді. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Сондықтан барлық нысанға ескерту белгілері орнатылды. Енді ата-аналардың қадағалауы маңызды.
— Тәуелсіздік және Абай саябағындағы су бұрқақтың сорғы құрылғысы күйіп кетуіне байланысты уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяу күндері су бұрқақ іске қосылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары су бұрқақтарға шомылуға тыйым салынғанын назарда ұстаса дейміз. Әр нысанның жанына «су бұрқаққа шомылуға тыйым салынған» деген жазуы бар арнайы тақтайшалар орнатылған, — дейді Ә.Опабек.
Ал Асар шағын ауданындағы әуенді субұрқақтары, Нұрсәт аллеясында орналасқан субұрқақтар іске қосылды . Сонымен қатар Чернобыль субұрқағы – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.Осыған байланысты сметалық құжаттары дайындалу үстінде .
Іске қосылған барлық субұрқақтарға автоматикалық жүйе орнатылуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі