13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қайнарбұлақ шағын ауданын инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқын алған, десек те бірқатары келесі жылға өтпелі.
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов бүгін аталған шағын ауданға барып, жалпы жұмыстар барысымен танысты.
60 750-ге жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақта қазір 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары тартылуда. Әзірге 50 шақырымы біткен.
Табиғи газбен қамту жұмыстары екі секторға бөліп жүргізілуде. Бүгінде көшелерге бағаналар орнатылуда.
Сонымен қатар, елді мекенді табиғи газбен қамту құрылысын жүргізетін мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр. Табиғи газ жүйелерінің құрылысы биыл басталып, келесі жылы аяқталатын болады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Қайнарбұлақ тұрғын алабына арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқанда ауыз су тарту жұмыстарын тексерді.
Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ.
Ал, табиғи газ жүйесінің құрылысы биыл басталады. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурс өткізілуде. Табиғи газ орнату олардың алаптық жеін дайындауда жер кадастр маманымен қарастылырды.
Жаңақұрылыс тұрғын алабында ұзындығы 233,4 шқ болатын газ жүйелері тартылуда.
Саяжай алабында газ жүйелерінің ұзындығы: 206,7 шқ.
Екі сектордағы құрылыс жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар электр жүйесімен қамтудағы жұмыстар 2023 жылдың ІІІ-тоқсанында аяқталмақ. Жалпы электр жүйелерінің ұзындығы 68,6 шқ. құраса, осы кезге дейін жұмыстың 40%-ы орындалды.
2020 жылы Центральная көшесі, 2022 жылы Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылдыАл 2023 жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская, Құрасбеков, Шанин, Жаңақұрылыс көшелері жарықтандырылатын болады.
Нысандарды тексеріп шыққан қала басшысы мердігерлер мен тиісті сала басшыларына жұмыстардың мерзімдік және сапалық міндеттемелерге мұқият болуды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

smarttop

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНАН БЕРІЛГЕН ОРЫНДЫҚ САНЫ 500 ГЕ ЖЕТТІ

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫ ЖАҢА ТҰРҒЫНДАРМЕН ТОЛЫҒЫП КЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру