3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛДАУДЫҢ ІСКЕ АСУЫ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

ҚР Президентінің биылғы Жолдауын іске асыру бойынша «Петроказахстан» компаниясының қызметкерлерімен жиын өтті. Жиында қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, жеке кәсіпкер Ербол Жолбарысов Жолдаудың мән-маңызына тоқталып өтті.

Жолдау жалпы саны бірнеше бөлімдерден тұрды: біріншіден «Халық табысының өсуі»; екінші «Тұрмыс сапасын арттыру»; үшінші «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру»; төртінші «Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат»; бесінші «Тиімді сыртқы саясат»; алтыншы «Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы».Олар қоғамның өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы міндетті. Ғылыми негізделген, осындай нақты міндеттерді шешу жоспарлары бар мемлекеттер ғана ойдағыдай дамуға қол жеткізетіні анық.Жоғарыдағы барлық бағыттар мемлекет дамуының негізі болып табылады.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономикалық және әлеуметтік салаға көңіл аударды. Соның бірі – ең төменгі жалақы мөлшері 2023 жылдан бастап 70 мың теңге болады. Қазіргі таңда экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, шағын және орта кәсіпті дамыту маңызды болып тұр. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орны бөлек. Көптеген жұмыс орны осы жоба аясында іске асырылуда. Ал әлеуметтік даму дегенде ойға, ең алдымен, денсаулық сақтау саласын дамыту, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының өсуіне мораторий жариялау, бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартылды. Бұл ел игілігі үшін жасалып отырған нақты қадамдар, — деді Е.Жолбарысов.

«Петроказахстан» компаниясы еліміздегі ірі мұнай өңдеуші зауыттың бірі. Жақында ғана Президент Шымкентке жасаған сапарында аталған компанияның жұмысшыларымен кездескен болатын. Жиын соңында компания қызметкерлері Мемлекет басшысының Жолдауын бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР АРАСЫНДА АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

smarttop

Жұмыс берушісінің атынан несиеге алтын шығарып алған алаяқ анықталды

smarttop

ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ — БАСТЫ НАЗАРДАН ҰМЫТ ҚАЛҒАН ЕМЕС

smarttop

Пікір қалдыру