0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТАРДЫҢ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЫЗДАРЫ КЕШІРІЛІП, АЛДАҒЫ 12 АЙҒА ЖАРНА ТӨЛЕУ АРҚЫЛЫ 15 АЙ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІНДЕ БОЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Құралбек Сәбит Райымбекұлы арнайы баспасөз брифингін берді.
«Бұған дейін сақтандыру мәртебесін және МӘМС тізбесінен медициналық көмекті алу үшін, емделушінің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және сақтандырылған мәртебесін жоғалтпауы үшін ай сайын жарналарын төлеп отырулары міндеттелген еді. Азаматтардың өтініштерін талдау нәтиежесінде жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды.
Бұл мәселені шешу мақсатында арнайы штаб отырысында «Медициналық сақтандыруға өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айға жарна аударып, 15 айға сақтандырылған мәртебесінде болыңыз!» атты акциясын ұйымдастыру қолға алынды. Аталған акция өз кезегінде емделушілерге Медициналық сақтандыруға өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айға жарна аударып, 15 айға сақтандырылған мәртебесінде болуға мүмкіндік беріп отыр»,-деді филиал директоры С.Құралбек.

Азаматтар алдын ала толық көлемде 12 айдың жарнасын төлеп, МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті 15 ай бойы тегін ала алады. Жобаны іске асыру барысында сақтандыру жүйесіне енбеген азаматтардың шамамен 30 пайызы жаңа төлем түрін пайдаланады деп күтілуде. Сонымен қатар берешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады.

Естеріңізге сала кетейік 2022 жылы МӘМС жарнасын дербес төлеушілер ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызын, яғни 3 мың теңге көлемінде жарна төлейді.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 128 423, онын ішінде, ағымдағы жылдың 9 айында сақтандырлғандар 902 588 (80%), сақтандырылмаған азаматтар 225 835 (20%) көрсетіп отыр.

Сақтандырылғанды анықтау құралдары :

— Қорының fms.kz ресми сайты;
— 1406 Call – орталығы;
— Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
— Telegram-дағы SaqtandyryBot;

Төлем жолдары:
Алдағы 12 айға әр айды көрсете оытырып төлем жасау;

Төлем құралдары :

— Kaspi/kz;
— Халық банк қосымшалары;
— Киви «Qiwi» — төлем сервисі;
— «Қазпошта» филиалдары;
— басқада банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Қателіктерді болдырмау үшін :

— ЖСН-нің;
— Төлем еңгізілген жолдың;
— Төлем жүргізілген айлардың дұрыстығына көз жеткізініз.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМІН АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАУДА

smarttop

“ШЫМКЕНТ – ЦИРКІ” ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ

smarttop

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ТИІМДІ ӨТПЕК

smarttop

Пікір қалдыру