22.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ 15100 БЕН 15300 ТЕҢГЕ АРАЛЫҒЫНДА

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіхалықов брифингте айтты.

«Шымкентте бір тонна көмірдің бағасы 15100 БЕН 15300 теңге аралығында. Бүгінгі күнге көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз-шағым түскен жоқ. Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес, мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласына 154,0 мың тонна көмір тасымалданған (2132 вагон). Көмір тасымалдаушы мекемелердің қоймасында 9,0 мың тоннадан астам көмір бар. Қалаға күнделікті 207-345 тонна (3-5 вагон) көмір келуде», — деді басқарма басшысының орынбасары.

Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 72 мың тонна.
Атап айтқанда:
• Бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту — 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна ) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%);

• Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66,1 мың тонна, жылу беру маусымына дейін көмір отынымен қамтамасыз етілуі бойынша тұрғын арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы бойынша ұсынылған өңірлік көмір операторларының тізбесі келесідей: ЖК «Пернебаев», «Азамат Мунай» ЖШС, ЖК «AVZ — NRADE», ЖК «Куралбаев», ЖК «Arganat», «Алтынколь Терминал» ЖШС, ЖК «Қошжанов», «Vip-M» ЖШС, «РеалТранс-К» ЖШС.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨЗЕН-КӨЛДЕРДЕГІ СУ ДЕҢГЕЙІ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА

smarttop

ЕРТЕ АРАЛАСУ БӨЛІМШЕСІ МҮГЕДЕКТІКТІ АЗАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру