25.4 C
Шымкент
Суббота, 6 июня, 2026
Smarttop.kz

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бірінші — «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық — арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж психоневрологиялық ауытқулары бар тірек- қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға қызметтер көрсетеді. Қазіргі таңда орталықта 110 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілуде.

Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме — «Бақытты жанұя» орталығы. Журналистер пресс-тур барысында аталған мекеменің жұмыс барысымен танысты.
Орталықтың мақсаты – қиын жағдайға тап болған әр-бір отбасыға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету.

Мекеме жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 600-ден аса ана өткен. Бүгінгі таңда, қала бойынша 37 014 адамға (ақпараттық қолдау, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталы арқылы құжаттарды тапсыру немесе алу қызметтері, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелуіне және т.б.) қызмет көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 40-ҚА ЖУЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА АЙНАЛЫМЫН 10 МЛРД. ДОЛЛАРҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

smarttop

2025 жылы 12 миллион 400 мың тұрғын газбен қамтамасыз етіледі

smarttop

Пікір қалдыру