19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ӘКІМ КУБОГІ САРАПҚА ТҮСПЕК

Бүгін Шым шаһарда қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған републикалық турнир басталды. Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.

Қазақ күресінен ең ірі жарыс алғаш рет 1938 жылы өткізілген. Содан бері республика аумағында дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келе жатқан сайыс Шымкентте де ұйымдастырылып отыр.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов турнирде сөз алып, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан сынды балуан бабалардан үлгі алған жастарға “Күреспен қатар білім алуға, ғылым үйренуге де шақырамын, шын батырдың күші білегінде емес – жүрегінде, жаман мінезінде емес – мейірімділігінде”-деді.

Күш пен білімді қатар алуға үндеген қала басшысы турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БАЙЛАНЫСШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ

smarttop

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру