16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТІСІ АУЫРҒАНДАРДЫ ТҮНДЕ ДЕ ЕМДЕЙДІ

Шымкент қалалық стоматологиялық емханасында түнгі уақытта да қызмет көрсететін кабинеттер саны өсті. Онда тіс дәрігерлері күндіз және кешкі 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін түнгі ауысыммен жұмыс істейді.

Күндіз балаларға 17 кабинет терапевтік, 4 кабинет хирургиялық қызмет көрсетсе, түнгі ауысымда 3 дәрігер 2 медбике тіс емдейді.

Емхананың дәрігерлерінің айтуынша түнгі ауысымда бір күнде орта есеппен 17-25 бала ем алуға келеді. Ал күндіз бала саны 500-600 –ге дейін барады. Айта кету керек, осы уақыт аралығында тек бір кабинет жұмыс істеген. Ол емделушілерге ұзақ уақыт кезекте тұруларына себеп болған.

Стоматология- медицинаның қарқынды дамып келе жатқан саласы, ал облыстық стоматологиялық балалар емханасының дәрігерлері өз білімдерін көтере отырып, техникалық прогресс дамуынан қалмауға тырысады. Тісті емдеу, жұлу сынды қызмет түрлерін тегін көрсететін орталық та бар. Шымкент қалалық стоматологиялық емханасы балалар стоматологиялық емханасы тегін қызмет көрсетеді. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде емхана дәрігерлері балалардың ауыз қуысы ауруларының алдын алу және емдеумен айналысады. Ортодонтия кабинетінде тіс-жақ  жүйесіндегі ауытқушылықтарды түзейді және емдейді.Мұның барлығы да кепілдендірілген медициналық көмек шарасы аясында ұсынылып отыр. Емхана тәулік бойы жұмыс істейді әрі демалыссыз. Бұл мамандардың алдынан мыңдаған-мыңдаған балалар өтті, олардың әрқайсысының сеніміне кіріп, денсаулығын сақтауға көмек беру қажет  болды. Еңбек ардагерлері жастармен өз тәжірибелері жөнінде пікір алмасып отырады. Кішкентай емделушілермен жұмыс жасау жөніндегі тәжірибені басқа клиникалардағы әріптестер де үйренген.

Сондықтан, аталған кемшіліктердің орнын толтыру үшін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының тапсырмасына сәйкес, емхана басшылары түнгі ауысымда екі кабинетті іске қосты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА 23,МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

smarttop

Полицейлер қару өткізген тұрғындарға тексеру жүргізді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру