8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Түркістан облысында 150-ге тарта көлік айыптұраққа қойылды

Түркістан облысы ПД қызметкерлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты — әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қаулылардың орындалуына бақылауды күшейту, оларды төлеуден жалтарған адамдардан әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу тиімділігін арттыру. Шара кезінде полиция мен сот орындаушылары бірлесіп қызмет атқарды.
Мәселен «Борышкер» іс-шарасының 10 күнінде түркістандық тәртіп сақшылары 16 261 құқық бұзушылықты анықтап, мемлекет бюджетіне 74 миллион теңгеге жуық кіріс түсті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін айыппұл тұрағына 147 автокөлік қойылды.
Мәселен полицейлер әрқайсысында 1 миллион теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар 8 автокөлік жүргізушісін анықтады.
Осыған байланысты полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және басқа да құқық бұзушылықтар жасамауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

Роль ПЭТ/КТ в диагностике онкологических заболеваний

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫН БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру