3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ МЕН АДЫРБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ БІР БӨЛІГІ УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының үшінші кезеңі аяқталды. Аталған нысанның техникалық пайдалануға беру шарасына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы 6 кезең бойынша жүргізіліп жатыр. Бірінші кезеңі, яғни, Түркістан көшесінен Тұрысов көшесінің қиылысына дейінгі бөлік өткен жылы ашылған. Терашкова көшесіне дейінгі аралықты алып жатқан екінші кезеңде қазір құрылыс жұмыстары қызу жүруде.

–Үшінші кезең Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі 560 метр аралықты қамтиды. Мұнда ені 42 метрлік, 6 жолақты жол, аяқ жолдар мен теміржол өткелі салынды. Бір айта кетерлігі, бұл толығымен аяқталған құрылыс нысаны емес. Біз қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында жолдың құрылысы аяқталған бөлігін уақытша ашып отырмыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Мұнан бөлек қала әкімі Адырбеков көшесінің Жібек жолы көшесінен Ғ.Иляев көшесіне дейінгі бөлігінің де техникалық ашылуына да қатысты.
Шаһар басшысы Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылдың соңында толығымен аяқталатынын атап өтті. Өткен жылы бұл жолдың Рысқұлов-Жандосов көшелерінің арасындағы бөлігі пайдалануға берілген еді. Енді Жандосов көшесінен Жібек жолы көшесіне дейінгі аралықта жұмыс жүргізілуде. Жолдың енін 8 метрден 15 метрге дейін кеңейтіп, 4 жолақты етіп қайта құру үшін мемлекет мұқтаждығына 17 жер телімі қайтарып алынады.
Айта кетейік, Адырбеков көшесіннің жалпы ұзындығы 3,74 шақырымды құрайды. Қайта құру жұмыстары толығымен аяқталған соң бұл көшенің автокөлік өткізу қабілеті 2,4 есе артып, сағатына 56 мыңға дейін жетеді.

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

КОВИДТІҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГЗІЛУДЕ

smarttop

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру