3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАЖАТТЫ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЕСЕПТЕРДІ ӨЗ УАҚЫТЫНДА ТАПСЫРУДЫ ЕСКЕРТЕМІЗ

Кәсіпкерліктің маңыздылығы  тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.Грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап, Сіз және жұмыспен қамту орталығы арасында шарттық міндеттемелер басталады, оған сәйкес Сіз 1 күнтізбелік жыл ішінде грант қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы есептерді ұсынып отыруыңыз тиіс. Барлығы 4 есеп. Бірінші есепті тапсыру уақыты келісімге қол қойылған сәттен бастап 3 ай ішінде жүзеге асырылуы қажет.
Есептерді онлайн форматта, пайдаланушының жеке кабинетінде «Есепті тапсыру» функционалы арқылы тапсыру қажет.
Сіздің кәсіпкерлік қызметіңізді тіркеу туралы есеп үшін ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді.  Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.
Сізге тек Cіз жүзеге асыратын бизнестің кейбір көрсеткіштерін көрсету, растайтын құжаттарды тіркеу және 3 сауалнамалық сұраққа жауап беру қажет.
Егер есеп ұсынылмаған, қосымша растайтын құжаттар берілмеген немесе Сіздің есепте көрінеу жалған мәліметтер көрсеткен фактілеріңіз анықталған жағдайда, Жұмыспен қамту орталығы Сізге есептелген грант қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы.

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 28-29 ШІЛДЕ КҮНДЕРІ ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру