0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СУ АРНАЛАРЫ ТАЛАПҚА САЙ МА?

Жауын жауса көшелердің көлкіп шыға келетіні, аулуларға су кіріп тұрғындарды әбігерге салатыны – еліміздегі көптеген қалаларға тән құбылыс. Шымкенттіктер үшін де таныс жағдай. Оның алдын алу үшін не істеліп жатыр?

Қаламызда «Көк», «Сай ниже водопада» және «Чумчак» су арналарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 80%-ы орындалып, жыл соңына дейін толықтай аяқталмақ.

Жалпы Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты 34 су арнасы және 2 өзен бар. Олардың ішінде биыл жөндеу жұмыстары басталған «Шымкент» және «Шапырашты» су арналарының күрделі жөндеу жұмыстары 2023 жылы бітеді.

Айта кететін жайт қазіргі таңда күз және қыс мезгілдерінде жауын-шашын мөлшерінің көптігіне байланысты су арналары мен өзендердің санитарлық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Жауын-шашын мөлшерінің су арнасының деңгейінен асып кетпеуі үшін қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары мен жауапты мердігер мекеменің қатаң бақылауында.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов те Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым жерлерде болды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты.

Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15-іне дейін жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.

Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бойынша бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.

Көшелердің тізімі:

  1. Сәуле шағын ауданыны Зерде көшесі – 1000 м;
  2. Сәуле шағын ауданыны Көксай-2 көшесі — 1200 м;
  3. Сәуле шағын ауданыны Ақмешіт көшесі (септик орнату) – 250 м;
  4. Сәуле шағын ауданыны Бөген көшесі – 1000 м;
  5. Сәуле шағын ауданыны Жеңістің 50 жылдығы көшесі – 600 м;
  6. Сәуле шағын ауданыны Жаңабазар көшесі – 450 м;
  7. Сәуле шағын ауданыны Тұмарлы көшесі – 300 м;
  8. Забадам шағын ауданында Таусамалы көшесі – 900 м;
  9. Забадам шағынауданы Тобыл, Балдаурен, Айкөл көшесі – 350 м;
  10. Забадам шағынауданы Қажымұқан көшесі – 200 м;
  11. Забадам шағынауданы Қарабастау көшесі – 350 м;
  12. Забадам шағынауданы Макаренко көшесі – 350 м;
  13. Забадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы – 70 м;
  14. Забадам шағынауданы Абат көшесі, Забадамский көшесі – 560 м;
  15. Шәймерденов көшесі – 1700 м;
  16. Ж.Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы – 250 м;
  17. Республика даңғылы 19б үй аумағы – 500 м;
  18. Ескі қалашық Хаят көшесі, Амангельді көшесі, Шымкентский көшесі – 1500 м;
  19. Көк сай-1 Анарова көшесі – 160 м.

Осындай жұмыстар жүйелі түрде әрі уақтылы атқарылса, алдағы кезде шымкенттіктер жауын-шашында әбіржімейтін болады деп үміттенеміз.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР САНЫ АРТАДЫ

smarttop

Уважаемые жители города!

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨМІРДІҢ БАҒАСЫ 15100 БЕН 15300 ТЕҢГЕ АРАЛЫҒЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру