4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АСАРҒА САПАЛЫ АУЫЗ СУ ЖЕТТІ

Шымкент қаласының Асар-2 елді мекенін инфрақұрылыммен қамту жұмыстары былтыр аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешілген болатын.

Алайда мыңға жуық үй жобадан тыс қалып, сапалы ауыз су, электр қуаты мен табиғи газға қосылмай қалған. Қазіргі таңда осы мәселенің түйіні тарқатылып, халықтың өтініші орындалуда.

Асар-2 елді мекеніндегі қалған аумақты сапалы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс толық аяқталды. Биыл жасалған жұмыстар нәтижесінде 53 шақырым су құбыры жүргізілді.

Миллионды шаһар халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде 7 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі – Асар – 2 шағын ауданы. Дәл қазіргі таңда, құбыр тарту жұмыстары қызу жүріп жатқан мұнда, 1000 жуық үйге таза ауыз су беріледі деп жоспарланған.Асар – 2-нің екінші кезеңіндегі құрылыс, бұйыртса биылғы жылдың қарашасында тәмәмдалады деп күтілуде. Ал, 1-ші кезең бойынша былтырғы жылы 2765 абономентке, яғни 11 мыңнан астам халыққа сапалы ауыз су берілген болатын. Бүгінде тіршілік нәрінен тарығып отырған ағайын құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын көріп, көзіміз тойып отыр, дейді.

Жалпы қалада 81 елдімекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Тасымалдап ішетін 7 елдімекеннің барлығында ауыз су мәселесі шешілді. Олар: Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2 елдімекендері.

Жыл соңына дейін  үшінші мегаполистің сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан — 98%-ға жетпек.Құрылысы ағымдағы жылы басталған Құрсай елдімекені келер жылы сапалы ауыз сумен қамтылады.Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендерінде ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстары 2022 жылы жүргізіледі. 2023 жылға дейін қала тұрғындарын 100% сапалы ауыз сумен қамту жоспарланған.Ескерер жайт, мердігер мекеме ауыз су құбырын тұрғындар үйінің есік алдына дейін жеткізіп береді. Ары қарайғы жұмыс, яғни үй ішіне кіргізіп, оны қосу әр үй иесінің жеке жауапкершілігіне жүктеледі.

Абоненттеу жұмыстары үшін қажетті құжаттарды «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ға өткізу керектігін хабарлаймыз!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ NEET ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛУДА

smarttop

ЖАНУАРЛАРДЫ ЭНЗООТИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТОЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру