9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСТАР КӘСІБИ ПСИХОЛОГТАРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласындағы политехикалық колледжд студенттері арасында «Жас көшбасшылар» атты семинар-тренинг өтті. Психологиялық тренингті Жастар ресурстық орталығының психология бөлімінің басшысы Айгүл Шынтөреева, тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді жүргізді.
Семинардың мақсаты – жастардың бойындағы көшбасшылық қабілетін дамыту, көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйрету, дейді ұйымдастырушылар.
Қай кездің жастары қашан қандай «идеялармен ауырды», олардың трендіндегі мәдени-әлеуметтік немесе субмәдени құбылыстар, ең басты приоритеттері, жалпы мағыналық идеалдары, кеңінен қолдау тапқан жаңаша жөн-жоралғылар, неге алаңдады, нені қажетсінді т.б. тәрізді шоғыр-шоғыр сауалдар қазіргі жастардың образын ашудың параметрі бола алады. Мұндағы негізгі өлшем – құндылықтар жүйесі. Әр ұрпақтың өз түсінік-көзқарасы барын ешкім жоққа шығара алмайды. Біздің білуімізше, құндылықтардың әлеуметтік-тұрмыстық, моральдық, абсолютті-мәңгілік, жалпыадамзаттық, ұлттық, материалдық, саяси, рухани-діни, мәдени, тарихи түрлері бар.
Жастардың психологиялық санасына жақсы  әсер ету үшін жағдай жасайтынын жеткізді және  сол бойынша шаралар  жүргізетін айтты.Жастардың  ойлау қабілеттілігі және қабылдау түйсіктері үшін қолайлы болу үшін атсалысып жатыр.
– Өзіңді өзгерпей, өзгені өзгерту мүмкін емес. Қоғаммен араласпай, көпшілік ортада қорқатын адамдарға психологтың көмегі керек-ақ. Бүгінгі кездесуде осы тақырыпта кеңестер айтатын боламыз. Бұдан бөлек, жауапкершілік алуға қатысты білімге қазіргі жастар бей-жай қарайтыны байқалады. Осы тақырып төңірегінде жұмыс жасауымыз керек,-деді тәжірибелі психолог Марал Жұмагелді.
Семинар барысында жастар кәсіби мамандармен ашық форматта тілдесіп, сұрақ-жауап өрбіді.
Айта кетейік, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының төрт бөлімшесі 14-29 жас аралығындағы жастарға психологиялық көмек беруге дайын. Жеке қабылдаудан өтуге болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КӨБЕЮДЕ

smarttop

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІНДЕ АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ДОСТЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА БИЫЛ 2 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру