Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, 2 күн алдын түнгі уақытта 14 жасар қызы үйінен ешкімге ескертпестен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Жақындары өздіктерімен іздегенімен, еш нәтиже шықпаған.
Ақпарат алысымен полицейлер аталған жайтты тіркеп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалистік полиция инспекторы полиция лейтенанты Диас Абылайұлы Асқар жасөспірім қыздың туыстарымен бірге іздеу жұмыстарын жүйелі жүргізді. Жасөспірімнің баруы, хабарласуы мүмкін дос-туыстарынан жауап алынды.
Қоғамдық көліктер, такси жүргізушілерінен сұрастырылды. Соның нәтижесінде 14 жасар қыздың түнгі уақытта таксимен Шымкент қаласына кеткені белгілі болды. Яғни полицейлер бірнеше сағат ішінде жоғалған қыздың жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласындағы автобекетте жалғыз өзі жүрген жерінен табылды.

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз ата-анасынан қыдырып келуге рұқсат сұраған. Алайда ата-анасы қызын жібермеген. Сол себепті қыз үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда 14 жасар қыз отбасымен қауышып, аман-есен үйіне жеткізілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Полиция қызметкерлері барша ата-аналарға өтпелі кезеңде жүрген ұл-қызымен досы ретінде сөйлесіп, араласатын ортасын қадағалауды ескертеді. Сонымен қатар жақындарыңыз жоғалған сәтте өздеріңіз іздеп, уақыт жоғалтпай бірден 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері өртенген көлікті дер кезінде сөндіруге көмектесті

smarttop

БИЫЛ 190 НЫСАНДА ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру