14.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

“ОРДА” ҚҰРАМАСЫ БӘРІНЕН ОЗДЫ

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту — ел саулығының кепілі болмақ. Осыған орай, Шымкентте жергілікті атқарушы қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Екі күн бойы мемлекеттік қызметшілер жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір тасын көтеру, шахмат сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.

Спорт инфрақұрылымы бойынша жұмыс мына бағытта жүреді: Тұрғылықты жерлерде және көпшілік демалатын орын­дарда спорт объектілерінің санын арт­тыру. Сондай-ақ мүгедектер мен ха­лықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына да жағдай жасалады. Тұрғын үй ке­шендерін салу кезінде мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топ­тарының жағдайын ескеріп, спорт алаң­дарымен қамтамасыз ету. Білім беру сала­сындағы жаңалықтар мыналар: Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлерін енгізу», деді Мәдениет және спорт министрі.

Ведомство басшысының айтуынша, заң жобасын қабылдау арқылы бірқатар нәтижеге қол жеткізілмек. Мәселен, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықты қамтуды 45 пайызға ұлғайту жоспарда бар. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту жөнінде ха­лықпен жұмысты ұйымдастыру, спорт­шыларға медициналық бақылау жасауды жетілдіру көзделген.

«Бұқаралық спортты дамыту – бола­шағымыз үшін, оның ішінде, жастарымыз үшін өте маңызды. Себебі бүгінде елі­міздің абыройын көтеріп жүрген Олим­пиада және әлем чемпиондары бұқаралық спорттан шықты. Әсіресе, бокс пен күрес чемпиондары ауылдан шыққанын білеміз. Сондықтан спорт нұсқаушыларының жалақысын көтеру, олардың жұмыстарын ұйымдастыру Мәдениет және спорт министрлігінің басты міндеттерінің бірі болу керек», деді Н.Нығматулин.

Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» құрамасы жекелей алғанда кіші футболдан IV , волейболдан I, жүзуден I , шахматтан I , гір тасын көтеруден VII , үстел теннисінен III , 100 метрге жүгіруден I , ал жалпы командалық есепте 115,5 ұпай санымен I орынды иеленді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Әлеуметтік желіде тұрғынның өтінішін қараусыз қалдырмаған генерал Мұрат Қабденов алғыс алды

smarttop

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4,7 мыңнан астам шетелдік анықталды

smarttop

ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру