5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

314 МЛН ТЕҢГЕ: ҚОРДАЛАНҒАН ҚАРЫЗ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАУҒА КЕДЕРГІ

🔷 Қаланы талапқа сай таза ұстауда тек осы шараларға жұмылдырылған компаниялардың ғана емес, халықтың да жауапкершілігі маңызды.
Бүгінде абоненттердің тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне қордаланған қарызы 5 ауданның тазалық жұмыстарына жауапты коммуналдық мекемелердің қызметіне кедергісін келтіруде.

🔷 Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарды тазалау, күтіп ұстау, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал, тұрғындар тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметіне төлеуге міндеттелген.
Алайда, бүгінде көптеген тұрғындар тіпті тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы компаниялармен келісімшарт жасамаған. Соған қарамастан бұл азаматтар да тұрмыстық қалдықтарын арнайы орындар мен қоқыс контейнерлеріне күнделікті тастап келеді.

🔷 Қызмет ақысын уақтылы төлемеуі мен мердігер компаниялармен келісімшарт жасамай, төлемақыдан жалтаруы қаланың тазалығын сақтауға кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

🔷 Тұран ауданы тұрғындарының берешек сомасы: 39,4 миллион теңге

“ШымкентСпецКомплекс” ЖШС — 34 млн
“БАСТАУ” ЖШС — 4,7 млн
“Керемет 2020” ЖШС — 540 мың тенге

Әл-Фараби ауданы тұрғындарының берешек сомасы: 34 миллион теңге

«ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-іне 18,3 млн теңге
«Арнаулыавтокөлік» компаниясына 5,7 млн
«Эко Тазалық» ЖШС-не 10 млн. теңге

Абай ауданы тұрғындарының берешек сомасы: 49,5 миллион теңге

«ЖанМейір» компаниясына — 19 млн теңге
«Бастау» ЖШС-не 18 млн теңге

Еңбекші ауданы тұрғындарының берешек сомасы: 90,5 миллион теңге

«Арнаулы автокөлік» ЖШС – не 64 млн теңге
«Эко ком тазалық» ЖШС – не 10 млн теңге
«Вейсалидзе» ЖК — 8.5 млн теңге
«Жасыл өңір» ЖШС –не — 8 млн.

Қаратау ауданы тұрғындардың берешек сомасы: 101 млн. теңге

«Шымкент Спец комплекс» ЖШС — 30 млн.
«Jan Meir» ЖШС — 29,4 млн.
«Вейсалидзе» ЖК — 24 млн.
«Жасыл өңір» ЖШС — 3.5 млн.
«Спецавтотранспорт» ЖШС -15 млн. тенге

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 10 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

smarttop

БОЗАРЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

smarttop

Пікір қалдыру