0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ОТБАСЫ БАНК ӨЗ ЖАУАБЫН БЕРДІ

Кәзіргі таңда баспана мәселесі өте  қатты талқылануда. Тиісті өтемақы сомасын 2022 жылдың 1 қазанынан бастап Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталындағы (www.otbasybank.kz) жеке кабинеттен білуге болады. Өтемақы сомасы оны қарау күні бойынша актуалды (салымшы орындайтын операцияларға байланысты өзгеруі мүмкін).
Өтемақы салымшыларға 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы Банкіге ақша түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде депозиттерге аударылады. Өтемақы алу үшін бөлек шот ашудың қажеті жоқ. Егер салымшының жалпы қалдық сомасы 20 000 000 теңгеден асатын екі және одан да көп депозиттері болған жағдайда, өтемақы салымдар сомасына пропорционалды, бірақ белгіленген өтемақы сомасынан аспайтын депозиттерге есептеледі.
«Отбасы банк» филиалы директорының орынбасары Еркін Ахыншаев:
Жабылған депозиттер бойынша, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде (қоса алғанда) депозит бойынша тұрғын үй заемына көшкен, оның ішінде автоматты түрде көшкен салымдар бойынша және онлайн табыстау арқылы сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша өтемақы төленбейтіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, спикерлер өтемақыларды есептеу бойынша бірнеше мысалдар келтіруге болатынын атап өтті. Мысалыға:
— Депозит сомасы 2022 жылдың 23 ақпанының аяғында 600 000 теңгеге тең болды. Бір жылдың ішінде сіз депозитіңізді екіге бөліп, біреуін жауып тастадыңыз. Депозитте сақталған қаражаттың қалдығы бойынша ынталандырылатын минималды сома 300 000 теңге. Өтемақы 2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі аралықта ең төмен депозит сомасына есептелетін болады. Яғни, 300 000 теңгеге 10% көлемінде өтемақы аударылады, бұл 30 000 теңге.
— 2022 жылдың 23 ақпанындағы күннің аяғында депозитіңіздің сомасы 600 000 теңге болды. Бір жыл ішінде сіз салымыңыздағы қаражатты шешпей, толықтырып отырдыңыз делік. 2023 жылдың 24 ақпанында депозитіңіздегі сома 1 000 000 теңгеге жетті. Бұл жағдайда салымыңыздағы 600 000 теңгеге 10% көлемінде өтемақы төленеді, ол 60 000 теңгеге тең келеді.
— Сізде жалпы сомасы 24 млн теңге болатын бірнеше депозит бар. Өтемақы депозиттердің жалпы сомасы 20 млн теңгеге есептелетін болады. Яғни 4 млн теңгеге өтемақы төленбейді.
Естеріңізге сала кетейік, өтемақы төлеу тәртібі туралы толығырақ ақпаратты банк сайтынан https://hcsbk.kz/most-important/vyplata-kompensatsii/ білуге болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: КҮЗДЕ БИЗНЕС ФОРУМ ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

smarttop

АЛАШ БАЗАРЫ МАҢЫНДАҒЫ ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛІ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ТАПСЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру