10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 13 октября, 2024
Smarttop.kz

«ШЫМКЕНТ СИТИ» САЯБАҒЫНДА БИІКТІГІ 100 МЕТР ТУ ТҰҒЫРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Абай ауданындағы А-2 айналма жолының бесінші кезеңін және Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысқан соң, жол көлік кептілісін оңтайлы реттеу мақсатында салалық басқарма мен мердігер ұйым басшыларына нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін жұмысты екі ауысымда ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін А-2 жолы бойындағы аумақты абаттандыру, бағдаршам және жол белгілерін орнату бойынша бірқатар міндеттер қойылды.
Әкім одан әрі “Tulip Hall” аумағындағы «Шымкент Сити» саябағының жалғасын салу жұмысын да тексерді. Айта кету керек, қала тұрғындарына арналған бұл демалыс орнын биыл пайдалануға береміз деп жоспарлануда. Сонымен бірге, бұл жерде алаң мен әуенді субұрқақ салынып, биіктігі 100 метр қаладағы ең үлкен ту тұғыры орнатылады. Бұл Мемлекеттік ту қаланың әр нүктесінен көрінетін болады. Тиісті сала басшыларына нысанды көгалдандыру мен абаттандыруға ерекше назар аудару тапсырылды.
Кезекті қаланы аралау жұмысы №5 «Аялы алақан» арнайы қызмет көрсету орталығында жалғасты. Бұл жерде де балалар алаңын салу және аумақты абаттандыру жұмысын аралап көрді. Сонымен қатар Абай ауданында Темірлан тас жолы бойындағы саябақ құрылысы мен «Жаңаталап» тұрғын алабындағы жаңа көпір салу барысымен танысты. Мамандарға барлық жұмыстар сапалы әрі уақытылы аяқталуы қажет екенін ескертті.
Шаһар басшысы қаланың дамуына бей-жай қарамайтын тұрғындармен де кездесіп тұратыны бар. Бұл жолы әкім Әл-Фараби ауданында қаланың тұрмыс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын қоғам белсендісі Михаил Иванович Жуковтың отбасында болды. Белсендінің азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірдіп, естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ Қамал көшесінің тұрғындарымен кездесіп, жаңа саябақ құрылысы және басқа да бірқатар өзекті мәселелерді сөз етті.
Аралау соңында қала әкімі Әйтеки би көшесіндегі сауда нүктелерінің бірыңғай дизайн кодына сай қасбеттерін ретке келтіру барысын бақылап, Қалдаяқов, Жангелдин, Түркістан көшелерінің, Қонаев даңғылының санитарлық жағдайын тексерді.
Кезекті аралауды саралаған қала басшысы аудан әкімдері мен жауапты мамандарға жаяу жүргіншілер жолдарын көгалдандыру және абаттандыру жұмысын ерекше бақылауға алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас ақпараттар

А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТУГЕ ЖАҚЫН

smarttop

ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДА ТАБЫСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру