Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «ОТБАСЫ БАНК» АҚ-НЫҢ САЛЫМШЫЛАРЫНА 10% КӨЛЕМІНДЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қаласындағы филиалының басшылары депозиттер бойынша өтемақы төлеу басталғандығы жөнінде БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз брифингін берді.
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы болып саналатын Отбасы банкінде ашылған қазақстандықтардың депозиттері ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Үкіметінің теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысады. Бұл Отбасы Банк салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша жинақталған өз салымдарына 10% көлемінде өтемақы төленетінін білдіреді.
Салымдар бойынша қаражатты есептеу тәртібі бүгін күшіне енген жеке тұлғалардың ұлттық валютада, яғни, теңгемен орналастырылған депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу қағидаларымен реттеледі.
Бұл деген сөз, 10% көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома 20 млн теңгеге тең. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы. 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша Отбасы банкінде жалпы көлемі 1,6 трлн теңгеге 2,3 млн жинақ шоты болды. Бекітілген ережеге сәйкес, өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін біз бұл процесті онлайн режимінде жасадық. Өтініштерді 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарын қоса алғанда www.otbasybank.kz мекенжайы бойынша Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте беруге болады» — деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.
Спикердің сөзінше, өтемақы есептелгенге дейін депозитін сақтаған салымшыларға өтемақы төленеді. Салымды бөлу арқылы ақша депозиттен ішінара алынған болса, онда өтемақы жинақталған салымның ең аз қалдығына есептеледі. Оның үстіне 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды.
Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозит қамтамасыз ету ретінде берілген салымы болса, онда ол да тиісті өтемді алады.
Жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ біріктірілген депозиттерге де өтемақы беріледі.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында экстремистік-террористік сипаттағы 9 қылмыс тіркелді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «КӨКТЕМ-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫНА ТҮСКЕ ДЕЙІН 150-ден АСТАМ АЗАМАТ КЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру