0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ МАСС-МЕДИАНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Қоғамға қызмет етуші саланың маңыздылығы, масс-медианың мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану жайы айтылды. Мегаполистің төртінші билік өкілдері ақпарат  және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлімен кездесті. Келелі басқосуға қаланың қарымды қаламгерлері, ақпарат айдынының басшылары, ақпараттық порталдардың жетекшілері қатысты. Әріптестермен кездесуде министр азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша мемлекеттік қолдаулар және БАҚ туралы заңды жетілдіру бағытындағы кешенді жұмыстарды баяндады.

Министр бірінші кезекте жергілікті «Ontustik» телеарнасының жұмысымен танысып, сол жерде қаладағы БАҚ өкілдерімен кездесті.

Кездесуді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, жүргізіп отырды.

—Бүгінде министрлік бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заңның жобасын әзірлеп жатыр. Онда журналистердің статусын айқындайтын, олардың құқықтарының қорғалуы мен әлеуметтік тұрғыда  қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететін және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған нормалар болады. Сондай-ақ,  БАҚ-тарды субсидиялау туралы да ұсыныстар айтылып жатыр. Әрине, мұның бәрі әзірге жоба ғана. Д.Қыдырәлі еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталып, түрлі этнос өкілдері еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын атап өтті. Жұмыс тобы нақтылау жұмысын жүргізіп жатыр. Содан кейін заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылады,  — деді министр.

Осы орайда, Д.Қыдырәлі Шымкент қаласының еліміздегі масс-медианың дамуында ерекше рөл атқаратынын, сондықтан жергілікті журналистердің заң жобасына қатысты пікірі мен ұсыныстары маңызды екенін атап өтті.

Сондай ақ, кездесу барысында министр журналистердің сауалдарына жауап беріп, саладағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі ойларын ортаға салды.

 

 

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ — БҮКІЛ ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

smarttop

КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

smarttop

Пікір қалдыру