Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ 256 ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Қалада мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасқан жастардың қатары артып келеді. Өткен жылы 2 568 жас маман аталған бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасқан. Олардың арасында тұрақты жұмысқа қол жеткізгендер жетерлік.

Солардың бірі – Бекарыс Есенбай. Бүгінде ол Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде жұмыс істейді.

– Мамандығым – іс жүргізуші. Университеттің соңғы курсында өндірістік практиканы осы мекемеде өткізгенмін. Дипломды алған кезде қалалық Еңбек мобильдік орталығына жұмыссыз ретінде тіркелдім. Орталық мамандары «Жастар практикасы» бойынша кеңес берді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы өзім өндірістік тәжірибеден өткен Шымкент қаласының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдандым. Мен секілді жұмыс өтілі мен тәжірибесі жоқ жас мамандарға мемлекеттік бағдарламаның берері мол, – дейді жас маман.

Аталған департаментте қазір 5 маман мемлекеттік бағдарлама негізінде жұмыс істейді, екеуі – «Жастар практикасы», үшеуі Қоғамдық жұмыспен орналасқан.

Биыл жоспар бойынша «Жастар практикасы» бағдарламасына 3 554 жасты қатыстыру көзделіп отыр. Ал жыл басынан бері 256 жас жұмысқа орналастырылды. Олардың жалақысы Еңбек мобильдік орталығынан субсидияланады.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында экстремистік-террористік сипаттағы 9 қылмыс тіркелді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: «ШЫМКЕТТЕ БИЫЛ 51 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ»

smarttop

Пікір қалдыру