0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Жолаушылар көлігін дамытудың кезекті жұмыстары қалай атқарылмақ?

Өздеріңізге мәлім, 2020 жылы қалалық мәслихатпен Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілді. Схемаға сәйкес, 78 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші, 39 магистралды және  6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда маршруттар толығымен қызмет көрсетуде, қала аумағындағы, сонымен қатар шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандары мен тұрғын алабтары  қоғамдық көлікпен 100% қамтылды.

Тұрғындардың өтініштеріне сәйкес, қаланың жаңа және шалғай  шағын ауданы мен тұрғын алабтарына келесі маршруттардың жұмысы ұйымдастырылды:

— №17,66,75 маршруттары – «Тұран» шағынауданына;

— №71 маршруты – «Қызылсу» тұрғын алабына;

— №206 ш/а маршруты – «Абдулабад» шағынауданына;

— №139 маршруты – «Тассай» тұрғын алабына;

— №180 маршруты – «Көкбұлақ» тұрғын алабына;

— №16,№43 маршруттары — №276 орамға;

— №52, №149 маршруттары – «Асар-2» шағынауданына;

— №61, №45 маршруттары — «Нұршуақ» шағынауданына;

— №66 маршрут – «Батыс» шағынауданына.

Жолаушылар ағынының жоғары болуына байланысты, маршруттардағы сыйымдылығы орта Анкай маркалы автобустардың орнына сыйымдылығы үлкен Ютонг маркалы автобустарға ауыстырылды және келесі маршруттарда қызмет көрсетуде:

— №15 маршрут Таскен шағын ауданына;

— №21 маршрут Құрсай шағын ауданына;

— №113 маршрут Оңтүстік және Нұрсат шағын аудандарына;

— №133 маршрут Ақ Ниет шағын ауданына;

— №158 маршрут Самал шағын ауданы, № 18, 17 шағын аудандарға;

— №182 маршрут Азат шағын ауданына;

Бүгінгі таңда не істелді:

  • Қала тұрғындарына қоғамдық көлік жұмысы бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді (20 мыңнан астам респондент);
  • Ағымдағы маршруттық желі мен инфрақұрылымға кешенді талдау жүргізілді;
  • Жаңа маршруттық желі әзірленді: 12 жаңа маршрут құрылды, 60 бірлік оңтайландырылды және 17 тиімсіз маршрут жойылды;
  • Көлік және қосалқы қызметтерді енгізу бойынша жобалар әзірленді;
  • Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін (ЖТЭЖ) енгізу жобасы әзірленді, бұл көлеңкелі айналымды қысқартуға мүмкіндік береді;
  • Жылжымалы құрамды оңтайлы бөлу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАР ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН СОҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУҒА МҮМКІНДІГІ БАР

smarttop

ШЫМСАЯ ШАТҚАЛЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛАДЫ

smarttop

№12 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ЖАҢА ҒИМАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру