Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындайды, ал жергiлiктi атқарушы органдары жолаушыларды қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекіткен Автобус тасымалдарын дамыту кешенді жоспарымен жергілікті атқарушы органдарына тұрақты түрде әлеуметтік маңызы бар маршруттарын субсидиялауды міндеттелген.
Қазіргі таңда, қалалық мәслихаттың шешімімен әлеуметтік мәні бар маршруттардың тізімімен 75 маршрут айкындалды, оларды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 20,7 млрд. тг бөлінді. Өткен жылдармен салыстырғанда бөлінген субсидиялар көлемі айтарлықтай өскенін ерекше атап өткен жөн. Өз кезегінде, жолаушылар тасымалдау саласына қолдау көрсеткен барлық депутаттарға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Әлеуметтік маңызы бар маршруттар қала аумағында, сонымен қатар шалғай аймақтарда орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алабтарын толығымен қамтиды.
Әужайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы ұосып айтсақ болады.
Шымкент қаласының жаңа жолаушылар терминалы құрылысы жеке инвестициялар есебінен жалғасуда және құрылыс жұмыстарын жүргізге күнделікті 120-150 адам тартылуда.
Бүгінгі таңда, терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелерін монтаждау 98%, желдеткіш жүйелерін орнату 95% атқарылған. Сонымен қатар, багаждық жүйенің құрылғылары, лифтілер, эскалаторларды орнату (12 лифтінің 9 данасы, 12 эскалатордың
10 данасы орнатылған) және инженерлік желілерін құру (желдеткіш жүйесі-95%, фанкойлдар ортану-60%, өртке қарсы жүйе-80%, жылыту жүйесі-90%, кәріз жүйесі-80%, сумен қамтамасыз ету жүйесі-80%) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы жобаның орындалу көрсеткіші – 85% құрайды.
Әкімдік тарапынан инвесторды қолдау мақсатында
874 млн.теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру, жобалық құны 1,7 млрд.теңгені құрайтын жаңа терминалға апаратын кірме жол салу және жолаушылар терминалына инженерлік желілерді салу бойынша (жобаның құны 4,6 млрд.теңгені құрайды) жұмыстарды жүргізді.