16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ Б.ТҰМАНБАЕВТЫҢ БАЯНДАМАСЫ

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2022 жылғы 9 айдағы атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндауға рұқсат етіңіздер.Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық ұйым жұмыс жасайды. (29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және       5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі). Осы спорт мекемелерінде 17 944 спортшымен штаттағы 925 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде. Аталған мекемелерде спорттың 71 түрі дамытылады (38 олимпиадалық, 24 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері).Жалпы қалада дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 402 544 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 36,2 пайызын құрайды.

Салауатты өмір салты – дені сау ұлт қалыптастырудың негізгі шарты». Осылай деп мәлімдеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық және балалар спортын дамыту стратегиялық басымдық екеніне назар аударды. Қалада 2021 жылдың 6 айында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 340 305 адам немесе қала тұрғындарының жалпы санының 31,2 пайызын құрады.

 

Қаладағы спорттық инфрақұрылым мәселесі  бұқаралық спорттың жағдайы мен дамуы қажетті спорттық инфрақұрылымның болуына байланысты екені белгілі. Қазіргі уақытта қала бойынша спорттық нысандар саны 933-ке жетті.

Спорттық ғимарат атауы

 

Жалпы Білім беру ұйымдарында Спорт мекемелерінде Басқа да О.і.

жеке меншікте

Стадиондар 3   2 1 1
Спорт сарайы 1     1 1
Оқу-жаттығу орталығы 2   1 1  
Спорттық кешендер 15   4 11 11
Спорттық манеж 32 3 3 26 26
Есу базасы 1   1    
Ату тирі 5 3 1 1 1
Ату алаңы 7     7 7
Хоккей корты 1     1 1
Жазықтықты құрылғылар

Спорттық алаңша

Алаңдар

Спорттық ядро, спорттық трассалар

499

386

98

15

289

185

97

7

8

8

202

201

1

28

18

9

1

Теннис корттары 23     23 5
Ипподром 1   1    
Жүзу бассейндері 9 1 2 6 6
Спорт залдар 258 211 20 27 27
Спорттық құрылғылар кешені 6 2 2 2 1
Қосалқы орнатылған спорт залдар 70 58 12    
БАРЛЫҒЫ 933 567 57 309 115

Ағымдағы жылы бюджет есебінен қаламызда 3 спорт нысанының және жеке инвесторлар арқылы 4 спорт нысанының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛАНДЫҚТАР ЖОҒАЛҒАН БЕС ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТАПТЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢНАН АСТАМ ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

Казахский язык должен быть языком единства

smarttop

Пікір қалдыру