3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАСПАНАҒА КЕЗЕККЕ ТҰРУ ТУРАЛЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗДЕР

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 2022 жылдың  13 шілдесінен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы автоматтандырылған және электронды түрде қабылдау жүргізілуде. Шымкент қаласында биыл тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үй сертификаты бойынша азаматтардан 139 өтінім келіп түскен. Оның ішінде: 51 өтінім мақұлданып, қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаттары берілді. (бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер – 28, толық емес отбасылар – 14, көп балалы отбасылар — 9).

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 75-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттен тұрғын үй бір адамға пайдалы ауданның 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден артық емес мөлшерде ұсынылуы мүмкін.

Егер отбасында жоғарыда көрсетілген аурулармен ауыратындар болса, онда оларға жеке бөлме ұсынылады. Сондай-ақ, алынатын пәтердің ауданы егер отбасында жүктілігінің мерзімі 22 аптадан артық жүкті әйел болса, үлкен болуы мүмкін.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 76-бабына сәйкес, ұсынылатын тұрғын үйдің тұрмысқа жайлы болуы, қала сызбасында орналасуы және мүгедектерге арналған қажетті шарттарды ескерген болуы тиіс.

Тұрғын үй сертификаты «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие  негізінде «2-10-20», «5-10-20»  бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі.  Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.  Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-37 389 теңге) соңғы                6 (алты) ай ішінде орташа табысы (115 905 теңге) болған жағдайда беріледі (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).

 

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНДА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

smarttop

АВТОБУСНУЮ ПРОБЛЕМУ ШЫМКЕНТЦЕВ РЕШИЛИ ПОСЛЕ ВСТРЕЧИ С АКИМОМ

smarttop

КОНСТРУКТИВНЫЙ ДИАЛОГ – ЗАЛОГ СТАБИЛЬНОСТИ

smarttop

Пікір қалдыру