3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ШАҢЫРАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

2021 жылдан 2022 жылға өтпелі болған «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 1568 отбасы, несие негізінде тұрғын жаймен қамтылды. Жыл соңына дейін  аталған бағыт бойынша тағы 160 азамат несиелік баспанаға қоныстанатын болады. Бұдан бөлек биыл  5-20-25  кредиттік тұрғын үй бағыты  бойынша 624   азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарланып, аталған тұрғын үйлердің конкурсы кезең-кезеңімен Отбасы банк арқылы жүргізіліп қазіргі таңда 422 азамат несиелік баспанаға қол жеткізді. 56 пәтер иелерімен келісім шарт түзілуде. 2022 жылы Шымкент қаласына  «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша жалпы саны 472 отбасына оның ішінде  көпбалалы отбасылар-245 , мүгедек бала асыраушы отбасылар-187, толық емес отбасыларға- 40   лимит бөлінді.  Аталған бағыт бойынша өтінім тапсыру 20 маусымнан бастап  «Отбасы банк» АҚ –ның интернет-ресурсы арқылы  жүзеге асырылған болатын. Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасының қатысушылары таза әрлеудегі  әкімдіктің тапсырысымен салынған үйлерді алады. Әлеуметтік тұрғын үй 3-4 жайлылық класына сәйкес келетін және пәтердің ең үлкен ауданы 80 шаршы метрге дейін қарастырылған. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша Бақытты отбасы» бағдарламасы қатысушыларының негізгі тізімдегі азаматтар арасында Тұран 2 шағын ауданындағы 168 пәтер және Нұрсәт шағын аудандарында орналасқан  162 пәтер бойынша конкурстар «Отбасы банк» арқылы жүргізілуде. Сондай ақ 2023 жылдан бастап жалпы «Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар  сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек бала асыраушы отбасы, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар аталған тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастапқы жарна -10%, банктің жылдық мөлшерлемесі – 2% -ды құрайды. Ипотекалық несиелендіру 20 жылға рәсімделеді. Толық емес отбасылар санатындағы азаматтар енді бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Айта кету керек, 2021 жылы Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегіндегі  халықтың әлеуметтік әлсіз тобы мен көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында  «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 365 отбасы несиелік баспанамен қамтылған.

Ұқсас ақпараттар

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері

smarttop

ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІНЕ ОҢАЛТУДАҒЫ ТЫҢ ӘДІСПЕН БӨЛІСТІ

smarttop

ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

smarttop

Пікір қалдыру