9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Болашақ колледжінде зорлық зомбылық алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге тәжірибелі психолог Атаева Жанат Қалназарқызы, Болашақ колледжінің психологы Абенова Қарашаш Нысанқызы, тәрбие іс жөніндегі басшы орынбасары Сурашова Айнаш Серікқызы, Жастар ресурстық орталығының психолог мамандары Сайдахан Жібек пен Айда Қалдыбай және Болашақ колледжінің студенттері қатысты.
Президент жолдауында айтып өткендей «Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ, қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды.»Адамдар арасындағы қарым-қ «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», — десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен  қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде  отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
«Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет. Бұл мәселені шешуді Парламентке және Үкіметке тапсырамын» деген мемлекет басшысының жолдаудағы тақырыптар төңірегінде студенттерге толыққанды насихатталып, өзара сұрақ-жауап алмасты.

Ұқсас ақпараттар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ЖИЫН-ТЕРІМ ЖӘНЕ ЖЫЛУ МАУСЫМДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

smarttop

Сайлау күні қоғамдық пікірге сұрау салуды кімдер жүргізетіні белгілі болды

smarttop

А.СМАИЛОВ: ШЫМКЕНТ ИМЕЕТ ВОЗМОЖНОСТЬ СТАТЬ ТОРГОВО-ЛОГИСТИЧЕСКИМ РЕГИОНАЛЬНЫМ ХАБОМ

smarttop

Пікір қалдыру