Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.
«Qamqor» бағдарламасы Шымкентте жұмыс істейтін барлық тұрғынға қолжетімді болады. Заемның ең жоғары сомасы 20 млн теңгеге тең. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 5%, одан әрі ол 3,8%-ға дейін төмендейді. Ипотека мөлшерлемесін біртіндеп төмендету тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің арқасында мүмкін болып отыр. Алғашқы 8 жылда несие бойынша ай сайынғы төлем мөлшері 155 мың теңге болса, кейін ол 87 мың теңгеге дейін түседі. Мұндай мүмкіндік несие төлемін отбасы үшін қолжетімді етеді. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі болып табылады. Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі. Шарттары: Максималды несие соммасы — 20 млн теңге пайыздық мөлшерлеме — 5% (ЖТСМ — 5.2% бастап) бастапқы жарна — 10% бірінші және екінші нарықтан баспана ала аласыз ЖАО-да кезекке тұру міндетті емес Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тіркелген (прописка) болу керек белгілі бір жұмыс орнында Шымкент қаласында соңғы 12 айдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыру атыңызда және отбасыңызда соңғы 5 жыл баспана тіркелмеген болуы керек. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі